Қостанайда кітапқұмар балалардың саны екі есеге артқан. Бұл кейінгі бір жылдағы көрсеткіш. Жеткіншектердің қызығушылығының артуына «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы «Балалар кітапханасы» жобасы септігін тигізді. Ұстаздар қауымы оқушылардың кітап оқып, рухани азық алуға ынтасы күшейгенін айтады.