Патриотизм ұранмен емес, нақты іспен дәлелдеу керек. Бұл ретте, «Таза Қазақстан» бастамасы – жауапкершілікке негізделген жасампаз отаншылдықтың айқын көрінісі. Елге адал қызмет ету әр азаматтың күнделікті еңбегі мен тәртібінен басталуы тиіс,- деп, Мемлекет басшысы V Ұлттық құрылтайда мәлімдеді. 2 жылдан аса уақыт сәтті жүзеге асырылып келге жатқан жобаны Қостанайлық жастар да қолдауда. Олар насихаттау жұмыстарын жүргізіп, қаланың тазалығын сақтауға белсене үлес қосып жүр.