Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатында елдің дамуы мен қазіргі ахуалына қатысты өзекті сұрақтар қамтылды. Президент қоғамды алаңдатқан түйткілді мәселелерге тоқталып, Қарулы Күштердегі тәртіп, сарбаздардың қауіпсіздігі және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған нақты ұстанымын білдірді.