Облыс орталығындағы шаңғы базасында ашық аспан астында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Оған қала тұрғындарымен қатар өңір әкімінің орынбасары қатысты. Бұл марафонның басты мақсаты - қысқы спортты кеңінен дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыта түсу және ХХV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушыларын қолдау көрсету. Аталған бастама – спортты тек кәсіби деңгейде ғана емес, қарапайым халық арасында да танымал етуге бағытталған.