Енді белгіленген талапты орындамай, қарды уақытылы тазаламаған мердігерлермен жасалған келісімшарт бұзылады. Бұл туралы шаһар басшысы қалалық әкімдікте өткен отырыста айтты. Себебі, облыс орталығын ақ ұлпадан арылту және қарды шаһар сыртындағы арнайы полигондарға шығару мердігерлік ұйымдардың міндеті.