Қостанайда жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін кеңес - «Халық бухгалтері» акциясы басталды. Оны Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі іске қосты. Енді қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында оффлайн қабылдау жүргізіледі.