Жаңа жыл мерекесіне орай Қостанайда жаппай шаңғы жарысы өтті. Дәстүрлі спорттық шара өңірде қысқы спорт түрлерін дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Бұл жолғы жаппай шаңғы жарысы жаңа жылдық мерекелік көңіл-күймен ұштасып, қала тұрғындарын бір алаңға жинады.