Өңірдегі дарынды әрі белсенді жастарды қолдауға және ынталандыруға бағытталған «Алтын кітап» жобасы биыл да өз жалғасын тапты. Іс-шарада өнер мен білім, оқу мен ғылым, спорт және бизнес салаларында жоғары жетістіктерге жетіп, облыстағы жастар саясатының дамуына үлес қосып жүрген жастар марапатталды. Лауреаттар облыс әкімінің қолы қойылған арнайы сертификат және 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.