Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде өңірлерде халықты үздіксіз жылу және сумен қамтамасыз ету үшін энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда. Қостанай облысындағы жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.