АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ
Арқалық қаласының бюджеті 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан. Бұл туралы шағын шаһар басшысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді. Бизнес саласында да алға ілгерілеушілік бар. 100-ден аса адамды жұмыспен қамтыған 5 жоба іске асқан. Қазір тағы біреуінің құрылысы жүріп жатыр.