Еңбек – елдің тірегі, дамудың қозғаушы күші. Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы осы саладағы азаматтарға көрсетілген зор құрмет. Қоғамның ілгерілеуіне елеулі үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының үлесі ескерусіз қалмауы тиіс. Осы мақсатта Қостанайда «Ел тірегі - еңбек адамы» атты республикалық патриоттар форумы өтті. Еліміздің бес өңірінен келген делегациялар еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шарада бас қосты.