Жітіқара қаласында түлкі қаптады. іпті адамға қайта-қайта атылып, шабуыл жасаған сәтін тұрғын ұялы телефонына түсіріп үлгерген. Облыстық прокуратураның мәліметінше, оқиға қазан айында болған. Зардап шеккен азамат бірден медициналық көмекке жүгініп, құтырма ауруына қарсы екпе алды. Қазір жағдайы тұрақты. Ал өткен аптада қала маңындағы Ырсай ауылына да түлкі кіріп, қорадағы құстарды қырып кеткен. Жалпы қалада осы уақытқа дейін тұрғындардан жабайы жануар кездестіргені жайлы 4 хабарлама түскен. Қазір ауданда құзырлы орган өкілдері бірлесіп, ахуалды бақылау және халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс атқарып жатыр.