Қостанайда әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған алғашқы хаб ашылады. Мақсаты, әлеуметтік бағыттағы бизнес-жобаларды ілгерілету. Жоба облыста өткен халықаралық форумда таныстырылды. Бүгінде елде 1 мың 500-ден астам әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, соның 70-і облыста жұмыс істеп тұр. Хабтың ғимараты мен жоспары толық дайын. Қазір бірнеше техникалық дайындау жұмыстары жүріп жатыр, жақында есігін айқара ашпақ.