Облыста жыл басынан бері туберкулездің алдын алу бағытында бес мың адамды қамтыған 233 іс-шара өткізілген. Арнайы іріктелген еріктілер де халықты аурудың жұғу жолдары туралы ақпараттандырып келеді. Сонымен қатар, дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін төрт оқыту семинары ұйымдастырылған. Мұның бәрі құрт ауруының алдын алуды мақсат еткен «Жас көшбасшылар» ұйымының тыңғылықты жұмысы.