Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – Жангелдин ауданындағы Саға ауылында салынып жатқан жаңа жол құрылысы. Міржақып мерейтойы қарсаңында жүзеге асырылып жатқан жоба тек көлік қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға да оң әсерін тигізбек.