Мемлекет басшысы халықаралық жағдай құбылып тұрған сәтте инвестициялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сенімді қаржы көздерін іздеу маңызды екенін айтты. Бұл ретте, Қостанай өңірі нарықтық, еркін әрі бәсекелі экономиканы қарқынды ілгерілетуге бағытталған дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Инвесторлар мен сауда серіктестерінің сенімін сақтап қалу және нығайту біздің басты басымдығымыз болып қала бермек. Қостанайда бүгін ауқымды инвестициялық форум өтті. Форумға алдыңғы қатарлы компаниялар да арнайы келіп қатысып, соңғы үлгідегі тәжірибелерімен бөлісті.