Қостанай облысында Алаш арысы, ұлт мұраты үшін күрескен қайраткер Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған іс-шараларға дайындық жүйелі түрде жүргізілуде. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте мәдени, инфрақұрылымдық және тарихи жобалар барысы пысықталды. Басқосуға облыс басшылығы, аудан әкімдері мен салалық басқарма өкілдері қатысты.