Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам. Осы ретте жастардың ертең еңбек етер саласын айқындауға көмектесу үшін Рудныйдағы №17 мектебінің жоғары сынып оқушылары мен болашақ түлектері Ұлттық кәсіпркелер палатасы және білім басқармасының өкілдерімен кездесті. Бұл ретте кейінгі аталғандардың жастар болашағында атқарар рөлі зор.