Қостанай облысында соңғы бес жылда «Жасыл ел» жобасы аясында 8 мыңнан астам жас маусымдық жұмыспен қамтылып, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру ісіне белсенді атсалысты. Бұл – жастардың алғашқы еңбек тәжірибесі ғана емес, туған өлкенің табиғатын қорғауға деген жауапкершілікті де арттыруға бағытталған маңызды бастама. Биылғы маусымдық кезеңде де 1800-ге жуық жастар жұмысқа жұмылдырылып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосып жатыр.