Соңғы бірнеше жылда журналистика саласы күрт өзгерді. Төртінші билік өкілдеріне қойылатын талап күшейіп, цифрлық медиа қарқынды дамыды. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдары қай заманда болсын қоғамның ойын, көзқарасын, мақсат-мүддесін білдіре алатын алаң болып қала бермек. Журналистер елеулі оқиғаларды халыққа жеткізеді. Ел мүддесі үшін еңбек етеді. Кәсіби мерекеде облыста медиа-форум ұйымдастырып, үздіктер марапатталды.