Жаз мезгілінің басталуымен орман алқаптарында, шабындықтарда және тұрғын үй секторларында өрт оқиғалары жиі тіркеледі. Тілсіз жау салдары материалдық шығынмен шектелмей, адам өміріне де қауіп төндіруде. Көп жағдайда өрттің шығуына тұрғындардың немқұрайлылығы, қауіпсіздік ережесінің сақталмауы, тұрмыстық электр құрылғыларының ақаулығы және ашық от көздерін абайсыз қолдану себеп болып отыр – дейді сала мамандары.