Қоғамда Презиидент тапсырмасымен қолға алынған әлеуметтік кәсіпкерлікке деген қызығушылық артып келеді. Енді бизнес тек пайда табу ғана емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге де бағытталуда. Осындай мақсатпен Қостанайда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы спортзал ашылып жатыр. Жоба мемлекет тарапынан қолдауға ие болған.