Қоғамда азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын қолжетімді әрі ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Осы ретте «Әлеуметтік әмиян» жобасы қолға алынды. 2020- жылы алғаш іске қосылған ілкімді жоба биыл барлық салада толыққанды орнауға тиіс. Президент былтырғы Жолдауында Үкіметке осы тапсырманы мерзімінде орындауды жүктеді. Бүгінде бұл жоба денсаулық сақтау саласында сәтті жүзеге асып келеді.