Жеңіс күні - тек парад пен гүл емес. Бұл күн - жүректің терең түкпіріндегі ақ алғыс, ұмытылмас естелік және бейбіт өмірге деген шексіз тілек. Сол себепті, тоғызыншы мамыр - мәңгілік естелік күні. Ол күн – майдан үнін естіртетін күн. 80 жыл бұрын болған оқиғаның орасан зор зардабы мен бейбіт күннің баға жетпес байлық екенін ұрпақ жадына қондыру мақсатында Қамысты ауданында көпшілікті қамтыған іс-шара ұйымдастырылды.