Жітіқара ауданы спорттың қай түрінен болмасын алдыңғы қатарда. Әсіресе, бокс  жақсы дамыған. Оған ауданнан шыққан спорт шеберлері дәлел. Бұнда кезекті спорттық шара ұйымдастырылды. 9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Естай Есжановты еске алуға арналған турнирге 13 команда қатысты.