Қостанайда Әзілхан Нұршайықовтың мәңгілік махаббат туралы туындысы – «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша қойылған спектакль көрермен назарына ұсынылды. Лирикалық драма ретінде сахналанған қойылымда соғыс жылдарындағы жастықтың, сағыныш пен сезімнің бейнесі шебер жеткізілді.