Бүгін – Екінші дүниежүзілік соғыста жау әскерін түпкілікті талқандап, жеңіске жеткен күн. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толды. Екінші дүниежүзілік соғыс – адамзат тарихындағы ең алапат кезең. Елге төнген қауіпке қаншама ер-азаматтар қасқая қарсы тұрып, жау оғына кеудесін тосты. Төрт жылда Қазақ КСР-і аумағынан ғана 1 миллион 200 мың адам майданға аттанып, оның 601 мыңы қайтып оралған жоқ. Соғыс салған қасірет жылдар жылжып, ұрпақ жаңарып жатса да халық жадынан өшпек емес. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қостанайда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.