Адамзат тарихында ең ауыр қасірет әкелген Ұлы Отан соғысының аяқталып, Жеңіс туының желбірегеніне биыл 80 жыл толып отыр. Осынша жыл өтсе де оның жүректерге салып кеткен зардабы ешқашан ұмытылмақ емес. Отан үшін жанын оқ пен отқа тосқан майдангер ардагерлеріміздің, елді қорғау жолында қасық қанын сарп еткен қайсар жүрек ерлеріміздің есімдері жадымыздан ешқашан өшпйді. Жеңістің 80 жылдығына орай игі шара Қостанай ауданында да ұйымдастырылды.