Қызметі кіші болса да рөлі үлкен. Медбикенің қадірін басы ауырып, балтыры сыздаған кез келген адам түсінеді. Қиналып жатқан сырқатты дәрімен ғана емес, жылы сөзбен  де емдеу керек. Бүгін – халықаралық медбикелер күні. Мерекеге орай облыс орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, саланың үздіктері марапатталды.