Облыста Халықаралық репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтіп жатыр. Соның аясында Қостанай қаласының №21- мектебінде әртүрлі сала өкілдері яғни дәрігерлер, мұғалімдер мен ата-аналарды қамтыған дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Іс-шарада оқушылардың репродуктивті денсаулығын сақтау және жыныстық сауаттылығы талқыланды.