Қазақстанда баспана алуға үміттілердің қатары едәуір артуы мүмкін. Енді пәтерге қол жеткізу тек белгілі бір әлеуметтік санаттағы азаматтарға ғана емес, 18 жасқа толған кез келген қазақстандыққа қолжетімді болмақ. 24 мамырдан бастап соңғы 5 жылда меншігінде үйі болмаған азаматтар, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, үй кезегіне тұруға өтініш бере алады. Жаңа жүйенің артықшылығы неде? Құжаттарды қалай тапсыруға болады?