Жеңістің 80 жылдығы – ұлт тарихындағы маңызды дата. Осыған орай Қостанай облысы Полиция департаментінде Ішкі істер органдары мен тыл ардагерлеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шараға ардагерлермен қатар департамент басшылығы мен жеке құрам да қатысты.