Бүгінде алаяқтықпен күрес - күн тәртібінен түспей отырған өзекті мәселеге айналды. Қылмыскерлердің әккі әрекеті көпшілікті алаңдатып отыр. Тіпті, таныс емес нөмірден шалынған қоңырауға жауап беруге де қорқатын болдық. Жыл басынан бері Қостанайда 895 факті тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан.