Оқушылардың ыстық асы енді цифрлық бақылауда. 2024 жылдың қазан айынан бастап елде «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылды. Қостанай облысында 10 мектеп пилоттық жоба ретінде таңдалып, жаңа жүйе бойынша жұмысын бастап кетті. Бүгін жобаға енгізілген 21-ші мектептің қабырғасында ата-аналар жиналысы өткізіліп, артықшылықтары мен тиімділігі түсіндірілді.