Татарстанда гір көтеру спортынан халықаралық турнир өтті. Қостанайлық ұлттық ұлан жауынгері аталмыш жарыста ел намысын абыроймен қорғап, қола жүлдені қанжылады. Облысқа олжалы оралған спортшыны әскери бөлім басшылығы салтанатты түрде қарсы алды.

Гір көтеруден әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Арман Жүнісов қазан қаласында өткен дүбірлі додада топ жарды. Байрақты бәсекеде 8 елдің кіл мықтылары бас қосқан. Атап айтқанда, Моңғолия, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Сербия, Польша, Қырғызстан және Қытай спортшылары күш сынасты. Қазақстан Республикасының намысын қорғаған Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің ефрейторы, аға маман – Арман Арқадиярұлы Жүнісов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 24 келілік гір көтерумен екі сайыста өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.