Қостанайда қосымша өрт сөндіру деполары салынуы мүмкін. Қалалық әкімдік бұл үшін арнайы жер телімдерін бөлуге дайын. Шаһар басшысына өрттің қауіпті кезеңіне дайындық жұмыстары баяндалды. Оқыс оқиғаны болдырмау мақсатында қала аумағында 3 мобильді топ жасақталған. Төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, рейдтік шараларды қарқынды жүргізуде.