Қоқысты қайта өңдеу мәселесі – кез келген өңір үшін өзекті. Ал оны сұрыптап, қайта өңдеуді жолға қою – уақыт талабы. Қостанай облысында бұл бағытта тиісті шаралар қолға алынған. 2024 жылы бірнеше ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып, қалдықтарды қайта өңдеуге арналған жаңа құрылғылар іске қосылды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы баяндады.