Тоғызыншы мамыр мерекесіне дейін әлі бір ай уақыт бар. Дегенмен Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылып жатыр. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде майданға қатысқан жауынгерлердің кескіндеме және графикалық жұмыстарының көрмесі ашылды. Ұрыс даласындағы көріністер мен сан алуан тағдырлар хатқа түскен сурет жәрмеңкесі ай бойы жұмыс істейтін болады.