Орталық – Батыс жаңа бағыты Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы шалғай елді мекендердің жол мәселесін шешуге ықпал етеді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында осыған қатысты бірқатар тапсырма берген болатын. Оны жүзеге асыру үшін Үкімет ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды қолға алды. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті.