Еліміздегі ерекше мерекелердің бірі – Ораза айт. Бұл күн мұсылман қауымы үшін үлкен қуаныш пен жақсылықтың бастауы саналады. Қостанайлықтар да қасиетті мейрамды ерекше ықыласпен қарсы алды. Таңсәріден мешітке жиналып, айт намазын оқып, имамның құтпасын тыңдады. Көпшілік бір-біріне ізгі тілектерін жаудырып, дастарқанда бас қосты.