Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салған жөн. Бұл туралы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Шағын шаһарды дамыту тұрғысында жол мәселесі де өте өзекті. Бұл тұтас Торғай өңірінің өркендеуіне тың серпін беретін ауқымды жоба болмақ.