«Таза Қазақстан – таза аймақ». Қостанайда санитарлық-экологиялық айлық басталды. Қаланы қоқыстан тазарту, инфрақұрылымды абаттандыру іс-шаралары 1—ші сәуірге дейін жалғасады. Қала әкімінің төралығымен өткен жиын барысында айлық аясында атқарылатын жоспар бекітіліп, талқыланды.