Қостанай облысында волонтерлар белсенділігі күн сайын артуда. Бүгінде өңірде 1035 ерікті бар. Олар қоғамдық жобаларға етене араласып, ел дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Әсіресе, жастардың гуманитарлық, экологиялық, мәдени және әлеуметтік жобаларға қатысуы — олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, өңірдегі қоғамдық өмірге оң өзгерістер әкелуде.