Сұрапыл соғыста оқ пен оттың ортасында жүріп, жеңіс үшін жанын жалау, арын алау еткен Дәулет Нұрышев 99 жасқа толды. Ғасыр жасаған қарияны Қарулы күштер арнайы барып құттықтады.
Облыста ерлік пен өрліктің белгісіндей біршама соғыс ардагері бар. Соның бірі Дәулет Сансызбайұлы Нұрышев. Соғыстың ауыр жылдары мен кезеңдерін айтып, бейбіт күннің қадірін білуге үндеп отыратын ақсақалды 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы мен қорғаныс істер департаменті өкілдері құттықтап, алғыс хат табыстады. Қылшылдаған жігіт шағында майданға аттанған, қазіргі қарт жауынгердің бүгінгі тілегі – ел амандығы.