Былтыр полиция ел бойынша есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды. Оның 55-і синтетикалық заттармен байланысты. 137 келіден астам синтетикалық есірткі және екі тонна прекурсор тәркіленді. Қостанай облысында 37 наркокурьер ұсталған.