Төтенше жағдай қызметкерлері Жангелдин ауданында екі күндік іздестіруден кейін далада қалған әйел адамды  құтқарды. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарап, адасып айдаладан табылған жанды құтқарғандардың бейнежазбасы қызу талқыға түсті.  

Белгілі болғандай, 2000 жылы туған Шилі ауылының тұрғыны 8 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Оның бұлай істеуіне не себеп болғаны әзір беймәлім. Жоғалған адамды құтқарушылар  10 қаңтар күні айдаладан тауып алды. Ол жедел жәрдем дәрігерлеріне  тапсырылып, Торғайдағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Ауруха бас дәрігерінің айтуынша, әзірге науқастың жағдайы тұрақты, есі бар, сөйлейді, өздігінен тамақтана алады. Аяқ-қолын екінші дәрежелі үсік шалған.