Пәтер иелерінің кооперативтерінен бас тартпай, ай сайын қаржысын төлеп жүргендер әлі бар. Бірақ, ондай үйлердің шешілмеген шурасы шаш етектен. Себеп те түсінікті, бір ғана мекеме бәленбай үйге қызмет көрсетіп үлгермейді. Сондықтан да меншік иелерінің бірлестігін құру – ең тиімдісі. Мәселен, Қостанайдағы Байтұрсынов көшесіндегі 59-шы үйдің тұрғындары кооператив қызметінен бас тартып, бірлестік құрып бірталай шаруасын шешіп отыр.