Қостанайда тұңғыш рет қала аумағында дрифт чемпионат өтті. Ашық додаға Петропавл мен Көкшетаудан да автошабандоздар қатысты. Ұзын-ырғасы 18 мықты мұз үстіндегі «майданға» түсті. Дрифт – көлікпен ызғып келіп шалт бұрылғанда траекториясы таңдай қақтыратын, қозғалтқыш пен дөңгелек аямайтын автоспорттың бір жұрнағы. Өңірде қанат жайғалы бес жылдай уақыт болған.