Қостанай облысында интернет-алаяқтардың кезекті құрбаны анықталды. Жергілікті тұрғындардың бірі инвестициялау арқылы табыс табамын деп, белгісіз тұлғаларға 11 миллион теңге аударған. Өткен жылы жәбірленуші әлеуметтік желіде жылдам инвестиция туралы жарнаманы көріп, ақша тапқысы келген. Ол төрт ай бойы белгісіз жобаға қаражат аударып отырған. Қаңтар айында алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға арызданған. Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.