Қала тұрғындары демалыс күндерін көбіне орталықта серуендеумен өткізеді. Ол да жөн. Алайда, біздің өңірде белсенді тынығу үшін де тамаша мүмкіндіктер бар. Мысалы, көпшілік біле бермейтін орындардың бірі – Қостанайдағы шаңғы тебуге арналған арнайы алаң. Алты ай қыс болатын өлкеде қысқы спорт түрлерімен шұғылданам десеңіз, ешқандай кедергі жоқ.